ақпарат » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
маусым
2025

ақпарат

М. Мәметова Атындағы Мектеп
Конституциямызда ең жоғарғы құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Құқық – ізгілік пен әділеттілік өнері» деген сөздің терең мағынасына мән беріп, «Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамда тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажет екенін» ерекше атап өтті. Меніңше, бұл идеологиялық тұжырым – қоғамдық асыл мұраттарды, әсіресе мәдени, адамгершілік, отбасылық, рухани және діни құндылықтарды, сондай-ақ еңбек ету, денсаулық сақтау, білім алу, меншік пен кәсіпкерлік бостандығы сияқты конституциялық кепілдіктерді сақтау қажеттілігін білдіреді. Сонымен қатар табиғатқа және қоршаған ортаға деген қамқорлық та осы қатарда тұруға тиіс. Сондықтан «Заң мен тәртіп» – жай ғана құқықтық ұғымдар емес, қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, елдің гүлденуіне бастайтын өмірлік бағдарлар.
Аталған қағидаларды ілгерілету мақсатында Үкімет осы жылы алдағы 5 жылға арналған арнайы тұжы­рымдаманы бекітті. Оның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын арттыру, олардың құқықтық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуы, заң бұзушылықтарға қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру. Прокуратура – осы жұмыстың негізгі қатысушысы және үйлестірушісі. Біз заңдылық пен тәртіп қағидаларын кешенді түрде жүзеге асырып келеміз. Бұл бағытта мүдделі органдар мен ұйымдармен бірлесіп Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен нақты шаралар қабылданып жатыр. Барлық атқарылған іс-шаралар заң үстемдігін нығайтуға, мемлекет тарапынан әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыруға бағытталған. Ең бастысы – азаматтардың конституциялық құқықтарын, адал кәсіпкерлік пен мемлекеттің мүдделерін қорғау.
Азаматтардың, әсіресе балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру­дің жақсы мысалдары бар. Биылдың өзінде біздің актілерімізбен 28 мың баланың пайдасына тек алимент бойынша 22 млрд теңге өтелді. Балалар үйінің 366 түлегі мен әлеуметтік осал санаттағы 108 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2,3 мың қызметкерге 2,2 млрд теңге жалақы берешегі өндірілді.
Бұған қоса 1 300-ден аса шетелдік инвесторға көмек көрсетілді. Олардың ел экономикасына қосқан үлесі – 17 трлн теңге. Қазіргі таңда прокурорлардың бақылауында мыңнан аса инвестициялық жоба бар. Бұл орайда басымдық – отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Кәсіпкерлерге дер кезінде көмектесу жаңа өндірістерді қосып, 14 мың жаңа жұмыс орнын ашу және 4,5 мың жұмыс орнын сақтау мүмкіндігі туды.
Прокуратура мемлекетке қайтарған заңсыз активтер есебінен 333 нысан, оның ішінде мектептер, ауруханалар, спорт кешендері салынып жатыр. Бұл – қаражаттың қоғам игілігіне қалай жұмыс істейтінінің нақты дәлелі.
Сонымен қатар біз масылдық көзқарасты ашық айыптаймыз. Яғни кей азаматтардың саналы түрде еңбек етуден бас тартып, әлеуметтік көмекке негізсіз үміт артуы – әділеттілікке жат құбылыс. Заң мүмкіндіктер береді, бірақ ол сонымен қатар міндеттерді орындауды, оның ішінде заң мен тәртіпті сақтауды және басқа адамдар мүдделерін құрметтеуді талап етеді. Мемлекет азаматтарға өзін-өзі дамытуға, кәсіпкерлікпен айналысу­ға, білім алуға, кәсіби өсуге жағдай жасайды. Ал масылдық, әлеуметтік әділеттілікті бұзып, жалған өмірлік бағдар қалыптастырады және шынайы мұқтаж азаматтардың мүмкіндігін шектейді.
Жауапкершілік – тек талап қою емес, сонымен қатар ортақ іске үлес қосуға дайын болу. Әр азамат өзінің дамуына, отбасына, еңбегіне, заңды сақтауға жеке жауапты екенін сезінгенде ғана тұрақты және әділетті болашаққа жол ашылады. Жалпы, біз заңды қорқыныш немесе қысым құралы емес, әділеттің символы ретінде қалыптастыруға тырысамыз. Егер адам заңды өзінің қорғаны, өз болмысының бір бөлігі ретінде қабылдаса, ол ешқашан заңды бұзбайды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 тамыз 2025 ақапарат
14 маусым 2025 ақпарат
12 ақпан 2025 іс шара
13 қараша 2024 Тәрбие сағаты
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив