
М.Мәметова атындағы №13 ЖОББ мектебінің “Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын-алу” көктемгі айлығының жоспарына сәйкес 14 сәуір күні 9-сынып білім алушылар арасында “Есірткісіз болашақ “ тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

Мақсаты: Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге баулу. Жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бұланова Қ. Болуспекова А.