09
сәуір
2025
Хабарландыру
БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕ БАСТАЛЫП
31 ТАМЫЗДА АЯҚТАЛАДЫ
2025-2026 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталады. Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады.
Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады:
1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
2) қағаз түрінде
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
-ата-ананың өтініші;
-баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
-“Профилактикалық екпелер картасы” №065/у нысанды және “Бала денсаулығының паспорты” № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беріледі. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.
Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:
- микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған;
- сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
- білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді.
