
АТА-АНАНЫҢ ЖҰМЫСЫНА САЯХАТ

”Мамандықтар жылы” аясында 2 “Б” сынып білімалушылары анасының жұмыс орнына саяхат жасады.

“Ата-анамның бір күндік жұмысына саяхат” іс- шараның мақсаты: бұл ата-анаңыздың күнделікті өмірін, олардың қандай жұмыстар атқаратынын және сол арқылы отбасының қалай өмір сүретінін түсінудің тамаша мүмкіндігі.

Ата-ананың жұмысы — тек отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғамға пайдалы істер. Әке мен ана әр күнін отбасымыз үшін жұмыс істеп, үй шаруаларын атқарып, бізді жақсы тәрбиелеуге арнайды. Бұл ата-ананың қаншалықты еңбекқор екенін және олардың тек өздері үшін ғана емес, барлық жақындары үшін үлкен жауапкершілікті арқалап жүргенін түсінуге көмектесті.
Сынып жетекшісі: Құттыбаева З