12
наурыз
2025
Тәрбие сағаты



Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерінің маңызы, оларды құрметтеу және қорғау туралы ой бөлісті. Оқушылар еліміздің Туын, Елтаңбасын Гимнін қадірлеуді және оларға құрмет көрсетудің әрқайсымыз үшін маңызды екеніне тағы көз жеткізді.