04
наурыз
2025
Ағымдағы жылдың 3- ші наурыз күні “Әулие ата - кітап оқитын өңір” жобасы аясында
Ағымдағы жылдың 3- ші наурыз күні “Әулие ата - кітап оқитын өңір” жобасы аясында Меркі ауданды әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” мен бірлескен М.Мәметова атындағы №13 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және мектеп кітапханашысы А.Бейсенкулованың ұйымдастыруымен “Оқысаң, озарсың!” зияткерлік ойын байқауы өткізілді. Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін танытуға қолдау көрсету, рузани дүниетанымдарын дамуына жол ашу.
Байқауға 5 оқушыдан құралған төрт топ өз бақтарын сынады. Топтар бір- бірінен әдеби шығармаларды жетік меңгергендігімен ерекшеленді. Байқауда аса білімділікпен оза шапқан “Алтын тұғыр” тобының жеңіске жетті. Қатысқан барлық командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.