
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 21 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде қаңтар айының жоспарына сәйкес “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Талғам мен тәртіп: сұлулық пен тәртіптілік үйлесімі” тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып ,қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына ,тәрбиесіне келтіретін зияны , шаш күтімі туралы түсініктерін кеңейту,олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі болуына шақыру.

Жиналыс барысында мектеп қыздарына:
1. Қыз баланың тұлғалық қалыптасуының алғы шарттары
(мұғалім А. Ембердиева )
2.Қыздың өзі де, тәрбиесі де нәзік.
(Коучинг С. Каринбаева )
3. Әр түрлі мәселелер

Жиналыс барысында оқушыларға бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар, нашақорлық, есірткі зияндары, әлімжеттік пен бұзақылық, буллинг, кебербуллингтің алдын алу туралы айтылып, мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау, мектеп формасын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.