
11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҰБТ СЫНАМА ТЕСТІН ТАПСЫРДЫ

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 16 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 11 сынып білім алушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық сынама тестін тапсырды. Бітіруші сыныптардың білім сапасын бағалаудың шынайылығын арттыру және окушыларды ҰБТ тапсыруда психологиялық тұрғыдан дайындығының нәтижесін қадағалау мақсатында сынама тест алынып, оқушылар өздерінің орындаған тестілеріне сараптама жұмыстары жасалынды.