16
қаңтар
2025
іс-шара
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қаңтар айының 15 күні мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні аясында “ Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев- ұлтын сүйген ұлы тұлға” тақырыбында бірыңғай ашық сабақтары өткізілді. Сабақтың мақсаты: Қонаевтың өмірімен оқушыларға мағлұмат беру. Қонаев атамыз туралы ой-пікірлерін арттыру. Д.А Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін насихаттай отырып, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабаққа 8-11 сынып білім алушылары қамтылды. Тарих пәннің мұғалімі: Нуртаева С.К