
FEMO International VII халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңінен М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып білім алушысы Қырықбай Алии Бауыржанұлы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Жеңімпаз оқушымыз 2025 жылы маусым айында Бакуде (Әзірбайжан) өтетін Халықаралық кезеңіне шақырту алды.

Олимпиаданың мақсаты – математикаға деген танымдық қызығушылықты дамыту және оқушылар арасында олимпиадалық қозғалысты кеңінен насихаттау.