“ЖАС ҰЛАН” БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ ҰЛАНБАСЫ САЙЛАУЫ
Мектебімізде 2024 жылдың 24 қыркүйек күні мектеп тәлімгері Г.Алдабергенованың ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы сайлауы өтілді.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасында интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін көшбасшылық біліктіліктерін дамыту, балалар мен жасөсірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру.
Сайлауға 6 үміткер іріктеліп алынды. Қатысқан үміткерлер өздерінің бағдарламаларымен таныстырды. Сайлау нәтижесінде 8 “А” сынып оқушысы Мәлік Әсет Ұланбасы болып сайланды.