
АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: БҮГІНГІ ТАЛАП ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

2024 жылдың қазан айының 7-і күні 11 сынып білім алушыларының ата-аналарын 2024-2025 оқу жылындағы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастырудағы өзгерістермен ақпараттандыру және қолдау көрсету мақсатында ата-аналардың қатысуымен жиналыс өткізілді.

Аталған жиналыста мектеп директоры Б.Мамырбаев ата-аналарға 2024-2025 оқу жылында мектеп бітірушілердің пәндерді таңдауы мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы баяндап берді.

Педагог- кәсіптік бағдар беруші Н.Демеубаева слайд көрсетіп бейіндік пәндер комбинациясымен таныстыра отырып, ЖОО туралы мәліметтер берді.

Сондай-ақ, ата-аналар оқушылардың дайындығына байланысты күн тәртібін жоспарлап, уақытты тиімді пайдалану, дұрыс тамақтануларына көңіл бөлу керектігі де ескертілді.

Жиналыс соңында ата-аналар пікірі тыңдалып, бірлесе жұмыс жүргізілуі керектігі ұсынылды.

Мектеп психологы Ш.Бекбергенова ата - аналардан сауалнама алып, тренинг ойнатты.

