18
қаңтар
2023
"Білімді, еңбекқор, елін-жерін сүйген патриот жастар-ұлт болашағы"
Ағымдағы 2023 жылдың 18 қаңтары күні, Тәтті ауылдық клубында М.Мәметова атындағы №13 ЖОББ мектебінің ұйымдастыруымен "Білімді, еңбекқор, елін-жерін сүйген патриот жастар - ұлт болашағы" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Меркі ауданы еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев, аудандық билер кеңесінің мүшесі Меліс Жұматаев, Медербек Өзбеков, Қази Жұмалиев сынды Аудан ақсақалдары арнайы келіп қатысты. Тәтті ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабит Байтүгелов, Ауыл ақсалдары Батырбеков Елубай, Айнақұлов Белгібай, Асанбаев Мейірхан, Данияров Орынбасар және ауыл имамы Көпбосынов Асхат сынды өскелең жас ұрпаққа Отаншылдық, патриотизм туралы айтар өсиеті мол қадірлі тұлғалар болды. Мектеп директоры Боржуков Қанат Абдықадырұлы жиналыс тақырыбының маңыздылығы мен мақсаты туралы айтып, білім ошағындағы жас ұрпақ бойында патриотизм рухын қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп өтті және мектептің кәсіптік бағдар беруші маманы Н.Демеубаева тақырыпқа сай баяндама оқып, слайд көрсетілді.Сондай ақ ауылымыздан шыққан тұлғалар, бүгінде әр түрлі салада жұмыс атқарып жүрген мектеп түлектері бейне роликтер жолдап, жастарға патриотизм туралы айтып өтті.
Жиналыс барысында қадірлі қонақтар іс-шара тақырыбына сай өмірлік тәжірибелерінен түйген құнды ойларымен бөлісіп, кеңестерін берді. Жастар біздің болашағымыз дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр.Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы патриот жастармен ғана қалыптаспақ!